• Успенский район

    Успенский район

    Инвестиционная перспектива становится привлекательной уже сегодня.

    Подробнее...

  • Инвестиционный паспорт

    Инвестиционный паспорт

    Динамично развивающийся район в экономически выгодном расположении

  • Успенский район

    Успенский район

    Развивайте свой бизнес вместе с нами. Большой портфель предложений

  • Перспективные отрасли

    Перспективные отрасли

    Добывающий сектор лишь один из многих востребованных и прибыльных

Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы онімдерін қайта оңдеу

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым саласы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Басты шарттардың бірі қарқынды ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекет тарапынан бизнес субъектілеріне қолдау көрсету болып табылады, оның ішінде субсидиялар кредиттік қаражатты бөлу, мемлекеттік бағдарламасына бизнес-құрылымдардың тарту.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

    Ауыл шаруашылығын дамыту үшін несиелік қаражат бөлінеді «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша дамытуына ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры арқылы; «Ажболат кредиттік серіктестігі» ЖШС арқылы; «ҚазАгроҚаржы» АҚ; «Техно-лизинг» ЖШС арқылы лизинг бойынша ауыл шаруашылығы техникасына сатып алуға болады; «Продкорпорация» АҚ арқылы ӘКК кепілдігімен Форвард азық-түліктік бидай мен арпаны сатып алу жүргізіледі. 

    Өсімдік шаруашылығы саласында жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың, гербицидтер мен тыңайтқыштар сатып алу субсидиялар бөлінеді. Жыл сайын ылғал үнемдеу технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту байқалады. 

    Мал шаруашылығы саласында мал басының тұрақты артуы, мал шаруашылығы өнімдерін өндіріс және өнімділік қасиеттерін ұлғайту байқалады.

    Белсенді қарқынмен мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, бұл «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Береке», «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар жұмсаған кезінде шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау», «50 бастан ет бағытындағы қуаттылығы ІҚМ өсіру үшін объектілерін құру және кеңейту», «Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу» сияқты.

    Жыл сайын ауданының машина-трактор паркі түрлі лизингтік компаниялардың нысандарын несиелеу және қызметтер есебінен жаңа заманауи техникамен толықтырылып жабдықталған.

    Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен комбайндары, дөңгелекті түрлі модификациялық тракторлар, пішен тайлаушыны, КАМАЗдар мен тіркемелі, өздігінен жүретін дестелегіштер, аспалы дестелегіштер, бүріккіштер, жемтаратқыштар және басқалар сатып алынады.

    Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілерін өскені байқалады.

    Ауданда өңдеу объектілерін саны, - 20, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 5, өсімдік шаруашылығы 15, оның ішінде 1 диірмен, 5 наубайхана, 2 сүт өңдеу және «Адыгей» сорттары ірімшік дайындау цех, 5 күнбағыс майын өндіру бойынша цех, 3 шұжық цех, 1 ет консервілеу цех, 1 жартылай фабрикат дайындау цех, 2 шекілдеуік  өлшеп  - орау және калибрлеу бойынша цех.


     Өңірдің ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша ірі кәсіпорындары

     

    «РЭГТайм» ҚШ

    • 1
    • 2

    Қайта өңдеу объектілері:

    Өсімдік майы өндіру цехы (80 тонна);

    Сүт өнімдерін қайта өңдеу цехы (жылына ірімшік - 114 тонна, сары май - 25 тонна);

    Шұжық цехы (жылына 44,4 тонна).

     

     

     

     

     

    Руфф Э.Г.

    «РЭГТайм» шаруа қожалығының басшысы - Руфф Эвальдт Гильдебертович.


    1956 жылдың 1 мамырында дүниеге келген, 1970-1975 жылдары техник-механик мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылық техникумында оқыған.

    1975-1977 жылдары Совет Армиясында қызмет атқарған, 1977-1979 механик болып жұмыс істеді, 1979-1984 жылдары инженер - жер орналастырушы мамандығы бойынша Целиноград ауылшаруашылық институты бітірген.

    1984 жылдан бастап «Казахской ССР 30 лет» колхозында жұмыс істей бастады. Я.Г.Герингімен колхоз төрағасы болып жұмысқа шақырылған. Трактор бригадасының бригадирі, инженер - жер орналастырушысы, жер асты суларын тамшылатып суару бойынша «Радуга» зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап колхозының сыртқы экономикалық қызметпен айналысқан.

    1992 жылда ауысымда 10 тонна өнімділігі сүтті қайта өңдеу бойынша «Deutsche Kase» шағын кәсіпорны ашты. 1998 жылдан бастап: ет және сүт өндірісі – ірімшік, сары май, шұжық шығару; 235 га астық өндірісі; етті бағыттағы - 220 бас ірі қара мал, соның ішінде 102 сауын, шошқа-500 бас, түйе – 8 бас өсіру бағыттары бойынша «РЭГТайм» шаруа қожалығына қайта ұйымдастырылған.

    Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталған. 2004 жылда сүт өңдеу саласындағы 1-ші орынды иеленді.

    .Г.Руфф Успен аудандық мәслихатының депутаты, Қазақстанның немістер кәсіпкерлер Қауымдастығының мүшесі, Қазақстан немістерінің 4-ші конгресі делегаты, неміс "Nokado Schwarte" фирмасының өкілі.


    «Галицкое» ЖШС

    • 1
    • 2

    Қайта өңдеу объектілері:

    Наубайхана (750 бөлке/ауысым);

    Диірмен (1,5 т/ ауысым)

    Құрама жем зауыты (7 т/ауысым);

    Ет жартылай фабрикаттар өндіру цехы (36 кг/ауысым);

    Құрама жем өндіру мини-зауыты (ауысымда 7 тонна, жем қосылған премикстер және минералдық қоспалардың 7 түрін құрама, атап айтқанда: сауын сиыр; үш түрлерін бұзау үшін жем; құс жем үшін; шошқа үшін жем; жануарларды бордақылау үшін);

     

    Сүт-тауарлы фермасы (500 басқа арналған жабдықтар: "Елочка" 24-орын сауын жабдықтар, жем жинайтын «Джон Дир» комбайн, шөп жинайтын агрегаттар, сүт тасымалдау үшін «Камаз» автокөлік);

    Асыл тұқымды репродуктор қазақтың ақбас тұқымды ІҚМ фермасы (Үй-жайларды бір жолғы сыйымдылық -700 бас).

     

    12 тонна тәулігіне қуаттылығы тазартылған күнбағыс майын өндіру зауытының құрылысы аяқталу.

     

    «Галицкое» ЖШС өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру қазіргі заманғы технологиялары белсенді енгізіліп жатыр: ауыспалы ылғалды сақтау «No-till» технологиясы бойынша 11800 га құрайды. 100 га алаңында жүгері өсіру тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің бірегейлігі терең артезиан сулары пайдалану тұрады.

    Касицин Александр Анатольевич

    «Галицкое» ЖШС басшысы - Касицин Александр Анатольевич.


    Павлодар облысы Успен ауданының Ковалев ауылында 1962 жылда дүниеге келген.

    1984 жылда «зоотехния» мамандығы бойынша Павлодар ауылшаруашылық техникумын бітірген..

    Еңбек жолын 1984 жылы наурызынан бастап Успен ауданының Карл Маркс атындағы колхоздың сүт - тауар фермасының зоотехник болып басталды.

    1987 жылы қазанында жоғарыда аталған шаруашылықта бас зоотехнигі болып ауыстырылды, қайда 1993 жылдың наурызына дейін жұмыс істеді.

    1993 жылдың наурызда колхозшылар жалпы жиналыстың шешімімен Карл Маркс колхоз төрағасы болып сайланды. 1997 жылдың наурыз айында В. Глазырин атындағы кооперативі құрылған, А.А. Касицин кооператив мүшелерінің жалпы дауыс беру арқылы В.Глазырин кооператив төрағасы болып сайланған. 1998 жылдың 26 қазанынан бастап кооператив қайта құруынан кейін – «Галицкое» ЖШС директоры.

    «Құрмет» орденімен (2007 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1999 жыл), «Енбек данқы» 2-ші дәрежелі белгісімен және басқа да мерейтойлық медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

    Облыстық мәслихаттың депутаты, Павлодар облыстық «Нұр Отан» партия саясат кеңестің мүшесі.